ОҚО-да жұрт ауыз суды дүкеннен сатып алуға мәжбүр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО-да жұрт ауыз суды дүкеннен сатып алуға мәжбүр

ОҚО-да жұрт ауыз суды дүкеннен сатып алуға мәжбүр

Оңтүстік Қазақстанда судан әбден тарыққан халық, жергілікті шенділердің түгел жұмыстан кетуін талап етуде. Құрғақшылықтан қиналғаны сондай Қазығұрт ауданынан қарасты Шарапхана ауылының жұрты тіпті өлген кісінің денесін жуындыратын су таппай қиналған жағдайлары болған. Ал ауыл мен аудан әкімі жыл сайынғы есебінде халықты 100 пайыз сумен қамтыдық деп ақпарат беріп жүр.

  • 11 Шiлде 2015
  • 590
Фото - Caravan.kz

Үнемдеп ішеміз, мынау флягпен шайға ғана ішеміз. Ал, ащы суды ыдыс-аяқ жуғанға ғой.

Шарапхана жұрты әр тамшы суды үнемдеп ішкенге үйренген. Тіпті, жаңбыр суын да аяқ-қолын жуғанға деп жинауды әдет қылыпты. Әбден  қиналған ауылда ас-шәй тұрмақ, мәйітті соңғы сапарға жуындырмай шығарып салған кездер де болды,- дейді.

Зайыт Әлентаев, Шарапхана ауылының тұрғыны:

— Өлген  адамды жуындырайын десең су жоқ. Оны қайтып көметініңді білмейсің, сосын амал жоқ Сарыағаштың суын дүкеннен әкеліп жуып-шайып көміп жатыр, жерлеп жатыр.

Сусаған жұрт көшедегі Кеңес үкіметінен қалған құдықтарды көрсетеді. Кезінде тірлішік нәрі адам түгілі, мал мен егістікке жетіп тұрған.

-5 жыл бұрын жергілікті әкімдік сапалы ауыз су әр үйде болады деп уәде беріпті. Тіпті, тұрғындарға үйді-үйге құбыр тартыңдар деген соң ауылдықтар өз қаржыларына мынадай колонкалар орнатқан. Алайда 3 ай аққан су 4 жарым жылдан бері құрғап тұр.

Аудан әкімдігі ауылдарға көлікпен тасыса да, тіршілік нәрімен қамтамасыз етуі тиіс болған. Тек, шенеуніктерден қайыр көрмеген жұрт көлігі бар көршілеріне жалынуға мәжбүр.

Қанат Көлбаев, көлік жүргізушісі:

-2-3 күннен бері сусыз тұрмыз. Құйып берген суы сапасыз, лай. Темірдің заттары бар. Оны халыққа тарата алмай жатырмыз.

Аудан суына жауапты инженер судың нақты қашан боларын да білмейді. Есесіне, ауылмен аудан әкімі жыл сайынғы есебінде елді 100 пайыз сумен қамтыдық деп есеп беріп келеді екен.

Таубек Ырысбеков, «Таза су» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің бас инженері:
-Жер асты суы қазылып жатыр қазір 2-3 жерде осы Қаратас өңірінде. Содан кейін ол рұқсат берсе сметалық жоба түзіледі.

-Яғни, 3-4 жылсыз халық су көрмейін деп тұр ғой?

-3-4 жыл емес енді. 2 жыл ғой. Қаралып жатыр ғой. Ертең деп уәде бере алмайсың ғой.

Ал, мал түгілі шөлден өлтіріп аламыз ба деп ит асырамай жүрген халық болса жергілікті басшылардың жұмыстан кетуін талап етіп жатыр.