Оқу жылының аяқталуы мен емтихандар мерзімі жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оқу жылының аяқталуы мен емтихандар мерзімі жарияланды

Оқу жылының аяқталуы мен емтихандар мерзімі жарияланды

Елімізде оқу жылын аяқтау және қорытынды емтихандарды өткізу мерзімі белгіленді.

  • 13 Сәуiр 2023
  • 18
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Шолпан Каринова айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы «Адырна» тілшісі.

Құжатқа сәйкес, 2022-2023 оқу жылы барлық мектепте 31 мамырда аяқталады. 2-13 маусым аралығында 9 (10) сыныптар үшін қорытынды емтихандар ұйымдастырылса, 5-19 маусым күндері 11 (12) сынып оқушылары мемлекеттік емтихандарын тапсырады.

9 (10) сынып оқушыларының емтихан кестесі:

2 маусым – оқыту тілі бойынша жазбаша емтихан;

6 маусым – математика;


9 маусым – қазақ не орыс тілі;

13 маусым – таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан.

11 (12) сынып оқушыларының емтихан кестесі:

5 маусым – оқыту тілі бойынша жазбаша емтихан;

8 маусым – алгебра және анализ бастамалары;

12 маусым – Қазақстан тарихы;

15 маусым – қазақ не орыс тілі;

19 маусым – таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан.

Соңғы жаңалықтар