38 жастағы британдық жергілікті мұнай компаниясына жұмысқа келген екен. Толық аты-жөні Питер Даниэль Альфред Барох кәмелетке толмаған қыздарды тоқтаған қонақүйінде суретке түсіріп, оны ғаламторға таратыпты. Британдықтың арбауына түскен қыздар әр фотосессияға 10-15 мың теңге алғанын айтады. Барохтың былығы 17 қаңтарда-ақ белгілі болған. Бірақ құқық қорғау орындары оны құрықтауға асықпаған-ды. Тек қоғамда қызу қарсылық тудырған соң, бүгін сексуалды және порнографиялық тұрғыдағы суреттерді түсірді деген айыппен 2 айға қамалды. Енді 9 жылға дейін темір торға тоғытылуы мүмкін.