Жарияланды: 30

Оқушылар мектепке кірер кезде тыйым салынған заттардың бар-жоғына тексерілмейтін болды

Оқушылар мектепке кірер кезде тыйым салынған заттардың бар-жоғына тексерілмейтін болды

Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина мектеп оқушыларын тыйым салынған заттардың бар-жоғына тексермейтінін айтты.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Оқушыларды ешкім тексермейді. Балалардың мүдделері барынша ескерілетін болады. Бұл тізімді енгізу әлі де алдын алу шаралары екенін түсінуіміз керек. Біз балаларға бұл заттарды білім беру ұйымдарына алып өтуге болмайтынын түсіндіреміз. Біз  өңірлермен түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз, олар ата-аналармен жұмыс істейтін болады, - деді Овечкина.

Егер бала тыйым салынған затты мектепке алып баратын болса, онда онымен профилактикалық әңгімелесу өтеді. Затты пайдаланғаны үшін айыппұл санкциялары қолданылады.

Бұл нормалар профилактикалық бағытта жасалып жатыр. Мектепте кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор жұмыс істейді, әлеуметтік-психологиялық қызмет бар. Бастапқы кезеңде мектеп оқушысымен және оның ата-анасымен профилактикалық әңгімелесу өтеді. Егер бала бұл затты әлі де қолданса, онда, әрине, ата-аналарға айыппұл салынады", - деп түсіндірді ол.

Бұған дейін ведомствода ата-аналар мен заңды өкілдер балалардың тыйым салынған заттарды мектептерге енгізгені үшін жауапты болатынын хабарлады.

Тыйым салынған заттар тізіміне атыс қаруының барлық түрлері, шаншу, кесу, метал заттары кірді. Сондай-ақ, өнеркәсіптік құралдар: пышақ, жүзі өткір, айырсадақ, медициналық скальпельдердің барлық түрі (медициналық университеттерді қоспағанда).

Сонымен қатар, оқ-дәрілерді, жарылғыш, жанғыш, химиялық және улы заттарды алып жүруге тыйым салынады.

Айта кетейік, Білім және ғылым министрінің бұйрығымен білім беру ұйымдарына кіргізуге тыйым салынған және пайдалануға болмайтын заттардың тізімі бекітілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін