Оқушының жүрегі дене шынықтыру сабағының үстінде тоқтап қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оқушының жүрегі дене шынықтыру сабағының үстінде тоқтап қалды

Оқушының жүрегі дене шынықтыру сабағының үстінде тоқтап қалды

Алматыда 8-сынып оқушысы тура мектеп қабырғасында мерт болды. Оқыс оқиға дене шынықтыру сабағында орын алған. 14 жасар жеткіншек аяқасты өзін жайсыз сезініп, жедел жәрдем жеткенше жүрегі тоқтап қалыпты. Туыстары енді ұстаздарын кінәлауда. Мән-жайды қазір прокуратура анықтап жатыр.

  • 24 Желтоқсан 2013
  • 540
Фото - Caravan.kz

Таңертең ұлын сабаққа жіберіп, бірер сағаттан соң суық хабар естіген отбасы әлі өз-өздеріне келе алар емес. Кенжелері Әділеттің қыршын кетуіне олар қазір мұғалімдерді кінәлауда. Өйткені спортпен шұғылданып, үнемі белсенді жүретін баласының жүрегі тоқтап қалды дегенге сенбей отыр.

Фаина Исмагилова, Ә.Қыдырәлиевтің әжесі:

-Бала мектепке сап-сау кеткен. Ауырған емес. Дене шынықтыру сабағында құлап, жарақаттаныпты. Бірақ кішкене тыныққан соң мұғалім оған қайта жүгір деген. Сондан соң жүрегі қысылып, көгеріп кетті.

14 жасар Әділет осы спорт залда көз жұмған. Сыныптастарының айтуынша, ол сабақ барысында жығылған соң өзін жайсыз сезініпті. Кішкене тыныққан соң қайта жүгірген жеткіншек бірден көгеріп, сол жерде мерт болған.

Артем Боровченко, мектеп оқушысы:

-Бүгін бізде 4 сабақ қана болды. Содан соң үйге қайтарып жіберді. Себебі спорт залда полиция мен дәрігерлер жұмыс жасап жатты. Олар мектептің есігін ішінен жауып алды.

Мектеп басшылығы спорт залдағы қауіпсіздік техникасы толық сақталғанын алға тартуда. Ал оқушының оқу ордасында көз жұмғаны жазатайым оқиға деп отыр.


Жанар Мақұлбекова, №66 орта мектеп директоры:

-Медициналық картасында оқушының денсаулығы нашар деп көрсетілмеген. Сондықтан ол жоспар бойынша жаттығуларды жасаған болатын. Сабақтан босатылғандығы жайлы дәрігердің нұсқаулығы жоқ. 

Сол күні сабақ өткізген дене шынықтыру пәнінің мұғалімі бүгін спорт залға қайта кіре алмаймын деп өз қалауы бойынша жұмыстан кеткен. Ал сараптама қорытындысы алдағы бір айдың ішінде дайын болады. Содан соң Әділет Қыдыралиевтің неден көз жұмғандығы нақтыланбақ. Қазірше кенеттен мерт болды деген анықтама ғана берілді. Сонымен қатар прокуратура тексерісінен соң адам өліміне қатысты қылмыстық істің қозғалу мәселесі шешілмек.