Орал мен Көкшетауда өрттердің салдарынан екі адам қаза тапты
Астана. 13 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Орал мен Көкшетауда өрттердің салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
ТЖМ мәліметінше, Көкшетау қаласындағы Лермонтов көшесінде жай үйде 12 тамызда сағат 21.16-да 12 шаршы метр аумақта өрт шықты, соның салдарынан бір адам қайтыс болды. Өрт ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 4 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 16 адамының көмегімен 22 сағат 29 минутта сөндірілді.
Сонымен бірге, Оралда 12 тамызда сағат 13.34-те №698 гаражда 50 шаршы метр аумақта өрт шықты. Өрт салдарынан бір ер адам қаза тапты. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өрт ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 2 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 10 адамының көмегімен 15 00 сағатта сөндірілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін