Жарияланды: 380

Орал қаласының әуежайы жабылады

Орал қаласының әуежайы жабылады

1 қыркүйектен бастап жөндеу жұмыстарына байланысты Орал қаласының халықаралық әуежайы ұшақтарды қабылдауын тоқтатады.

Шамамен 15 қазанға дейін Батыс Қазақстан өңірінің тұрғындары мен қонақтарына Атырау арқылы ұшуларына тура келеді. Яғни, автобустар жолаушыларды Атырау әуежайына дейін және кері тасымалдайды.

«Ұшу-қону жолағының реконструкциясы кестеге сай жүруде. Шамамен 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында әуежай жабық болады», - деді «Орал» халықаралық әуежайының бас директоры Хайретдин Расқалиев. 

Еске салайық, аталмыш әуежайдың ұшу-қону жолағын қайта жөндеу жұмыстары өткен жылы басталған. 2014 жылдың 1 қыркүйегі мен 3 қарашасы аралығында ұшақтар Атырау арқылы ұшқан. 3 қарашада реконструкциялаудың бірінші кезеңінен соң әуежай ашылған. Екінші кезең ағымдағы жылдың мамыр айында жүргізілді. 
Биылғы жылдың соңына дейін аралық жол, тұрақ жөнделіп, ұшу-қону жолағының ұзындығы 400 метрге жеткізіледі. Апаттық станса мен трансформаторлық шағын станса салынады. Әуежай реконструкциясына республикалық бюджеттен 7 млрд. теңгеге жуық қаражат бөлінді, деп хабарлайды aeroport.kz.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін