Оралда 300-ден астам полицейді жұмыстан шығарылады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда 300-ден астам полицейді жұмыстан шығарылады

Оралда 300-ден астам полицейді жұмыстан шығарылады

Батыс Қазақстан облысы ішкі істер департаменті үш жарым мың қызметкердің ішінен 300-ден астам полицейді жұмыстан шығаруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды "Мой город" порталы.

Облыстық ішкі істер департаменті басшысының орынбасары Берік Аймурзиннің сөзіне сүйенсек, құқық қорғау жүйесін оңтайландыру жоспарына байланысты полицейлер өздеріне тән емес бірқатар қызметті атқармайтын болады. Алайда нақты қандай қызметтер туралы сөз болып отырғанын полиция басшысының орынбасары айта алған жоқ, тек жобаның Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен орындалатынын атап өтті.

  • 18 Қазан 2018
  • 55
Фото - Caravan.kz

"Осыған байланысты ішкі істер департаменті полиция департаменті деп аталып, полиция қызметін ғана атқаратын болады", — дейді Берік Аймурзин.

Оның хабарлауынша, 2019 жылы полицейлердің әрқайсысы аттестациядан өтеді.

"Ішкі істер органдарында заман талаптарына сай келетін қызметкерлер ғана қалады: білікті, заңгерлік білімі бар мамандар. Қазір жеке құрамының 10 %-ын қысқартуға кірісіп кеттік", — дейді Аймурзин.

Полиция басшының орынбасары атап өткендей, Батыс Қазақстан облысында ІІД жеке құрамының қызметкерлер саны 3 500 адам. Олардың 300-ден астамы жұмыстан шығарылады.


Соңғы жаңалықтар