Мекеме ақпаратына сәйкес, Орал қалалық сотының үкімімен Орал қаласы Абай ішкі істер полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабының 2-бөлігінің, 308-бабының 4-бөлігінің «а» және «в» тармақтарымен айыпты деп танылып, 3 жылға дейін бас бостандығынан айрылды. Ол 3 жылға дейінгі мерзімге мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан айырылып, жалпы режимдегі түзету колониясында жазасын өтейді.
Ақпаратқа сәйкес, полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы бір азаматшаны жыныстық қатынастан бас тартты деп, оған күш көрсетіп, денесінің әр жеріне аяқ-қолдырымен соққы түсіргендігі үшін сотпен айыпты деп танылды.
Бұдан басқа, әлгі тәртіп сақшысы тағы бір әйелден жеке куәлігін және контрафакталық өнімдерін қайтарып беруі және алдағы уақытта оның жолдасының контрафакталық өнімдерін кедергісіз сатуына қамқоршы болу үшін 20 мың теңге көлемінде пара алған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті