Жарияланды: 380

Оралда аусылға шалдыққан мал жаппай жойылып жатыр

Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданындағы Тінәлиев ауылында аусылға шалдыққан 550 ірі қара мен 1638 аша тұяқтының көзі жойылды.

Мал дәрігерлері осы елдімекеннен бірнеше шақырым жерде орналасқан бағбандардың малынан аталмыш дерттің белгілерін анықтаған. Төрт түлік арасында тез тарап жатқан қауіпті індеттің бетін қайтару мүмкін болмай тұрғандықтан, полиция мен аумақтық ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметкерлері ауыл маңында арнайы бекет ұйымдастырды. Естеріңізге сала кетсек, Тінәлиев ауылында 13-ші мамырдан бастап белгісіз індеттен сиырлар қырыла бастаған болатын. Қазір онда карантин жарияланды.

Лавр Хайретдинов,Ауыл шаруашылығы министрлігінің БҚО аумақтық инспекциясының  бастығы:

- Өкінішкеқарай, індет тоқтамай жатыр. Оған себеп: 28сәуір күні сол ауылға Шымкенттен мал келген. Содан бері үш жұма өтті. Үш жұма ішінде ауыл арасында қозғалыс болған көрінеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть