Оралда аяз күшейіп, 1-11 сыныптарда сабақ тоқтатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда аяз күшейіп, 1-11 сыныптарда сабақ тоқтатылды

Оралда аяз күшейіп, 1-11 сыныптарда сабақ тоқтатылды

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне сәйкес бүгін таңертең 07.00-де Оралда 30 градус аяз болды.

  • 30 Қаңтар 2014
  • 297
Фото - Caravan.kz

 Оның үстіне желдің жылдамдығы секундына 5 метрге жетті.

Осыған байланысты облыстық төтенше жағдайлар департаменті Орал қаласындағы орта мектептерде 1-11 сыныптарда сабақ болмайтыны жөнінде ескерту жариялады. Қазіргі кезде температура тілі 31 градусты көрсетіп тұр.

Батыс Қазақстан облысында аяздың күшіне мінгеніне бүгін төртінші күн. Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға алыс жолдарға шықпау қажеттігін ескертуде.