Шара қатысушыларын цифрландыру үрдісінің негізгі көріністерімен «ҰАТ» АҚ Батыс Қазақстан облыстық технологиялар орталығы ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу басқармасының бас маманы Алтынай Дәулетова таныстырды.
Семинар жұмысына сала мамандары, студенттер, IT саласының қызметкерлері мен ЖОО оқытушылары қатысты. Жобаның серіктесі – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.
Анықтама үшін:
«QDigitalInform» — қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдарын ілгерілету және «Цифрлік Қазақстан» бағдарламасын дәріптеу бойынша ерекше жоба. Жобаның жүзеге асырылу мерзімі: 2018 жылдың қыркүйегінен желтоқсанына дейін. Жобаға еліміздің 7 өңірінен 2000-нан астам жас (IT мамандықтарының студенттері мен ұстаздары, мемлекеттік органдар мен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері) қатысады.
