Оралда газ тапшылығы жүргізушілердің наразылығын тудырды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда газ тапшылығы жүргізушілердің наразылығын тудырды

Оралда газ тапшылығы жүргізушілердің наразылығын тудырды

Оралдық көлік жүргізушілер көгілдір отыннан тарығып отыр. Санаулы күнге ғана жететін қоры бар жалғыз жанармай бекетінде тұрғындар сағаттап кезекке тұруға мәжбүр. Оның өзінде тек қолында талоны барларға құйып береді. Жергілікті билік мұндай мұқтажтықтың орнын енді көршілес Ақтөбе мен Атыраудан газ тасымалдап толтырмақшы.

  • 8 Қазан 2015
  • 308
Фото - Caravan.kz

Көлігі үшін көгілдір отын іздеген жүргізушілер Оралды шыр айналып жүр. Әзірге қоймасындағы газдың қоры санаулы күнге есептелген орталықтағы жалғыз ғана бекетте ұзын-сонар кезек. Одан өзге 14 бекетте газ таусылыпты. Көгілдір отын өндіруден еліміз бойынша бай аймақтың бұлай тарығып қалғанына тұрғындар таң.

Батыр Жұмағазиев:

-Қалада газ жоқ. Қымбат мында газ 39, Ақтөбеде 26-17-ден.

Жанармайға қарағанда құны екі есе арзан отынмен Батыс Қазақстан облысын «Жайық мұнай» компаниясы қамтамасыз етеді. Олар газды Чинарёв кен орнынан тасымалдайды. Бірақ өткен аптада ол жақтағы «Орынбор- Новопсков» газ құбырында жөндеу жұмыстары басталып, көгілдір отын шағыру тоқтатылған. Дер уақытында қордағы отынды қадағаламаған билік алғашқыда абдырап қалыпты. Енді ғана естерін жиып, көршілес Ақтөбе мен Атыраудан газ алдыратын болып жатыр.

Бауыржан Талдықбаев, БҚО энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы:

-Энергетика министрлігі Ақтөбе мен Атырау облыстарынан көгілдір отын жеткізуге бұйрық шығарды. 800 тонна газды бөліп сол жақтан аламыз. 550 тоннасын «Ақтөбемұнайгаз» берсе, 250 тоннасын Атыраудағы мұнай өңдеу зауытынан аламыз.

Жергілікті билік көгілдір отын құнын литріне 39 теңгеден ұстап тұруға уәде етті. Ал Батыс Қазақстан облысында газ өндіру жұмыстарының қашан қайта қалпына келтірілетінін ешкім дөп басып айта алмайды. 

Соңғы жаңалықтар