Жарияланды: 540

Оралда Қазақстан мен Ресейдің кедендік құрылымдары басшыларының кездесуі болды

Оралда Қазақстан мен Ресейдің кедендік құрылымдары басшыларының шекаралас аймақтардың өзара ынтымақтастығы мәселесіне арналған кездесуі болды.

Бас қосуда сөз сөйлеген ҚР кедендік бақылау Агенттігінің төрағасы Бердібек Сапарбаев екі мемлекеттің кедендік бақылау қызметтері кедендік шекарадағы ахуал туралы ақпаратты ұдайы бөлісіп тұруға тиіс екенін мәлімдеді. Сонымен бірге ол Қазақстан мен Ресей Федерациясының кедендік бекеттерінің жұмыс тәртібі өзара сәйкес келуі тиіс деген пікірді ортаға салды. Ресей Федерациясы кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Алексей Кульбасаров ортақ кедендік режим қалыптастырып, сыртқы шекараларды нығайту және оларды жабдықтау қажеттігіне тоқталды. Сондай-ақ ол екі шекарадағы тауар қозғалысы туралы ақпаратпен бөлісуге шақырды. Мәжілісте шекаралық кейбір автокөлік және теміржол өткелектеріндегі қиындықтарды шешу мәселесі де сарапқа салынды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть