Ішкі саясат департаментінің мәліметіне сәйкес, аталмыш шара Қазақстан мен Ресейдің облыстары арасындағы «Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы » келісімдер аясында өткізілмекші.
Қазақстан және Ресейдің ғылым күндіктері барысында Ресей халықаралық қатынастар университетінің «Шығыстану» және «Дінтану» жөніндегі көшпелі отырыстары мен «Қазақстан мен Ресейдің интеграциялық Одағы және ғаламдастырудың қауіп-қатері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.
23-24-қыркүйекте Мәскеу Мемлекеттік Университетінің жанындағы Азия және Африка елдері Иституты мен Ресей СІМ-нің жанындағы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты жетекшілерінің кездесуі көзделген.
23-25-қыркүйекте конференцияға қатысушылар Орал жұртшылығы мен студенттеріне арнап ашық дәрістер оқиды. Еуразиялық қоғамдық форум қорытындысы бойынша Ресей мен Қазақстандық жоғары оқу орындары арасындағы ғылым және білім беру саласындағы ынтымақтастық пен байланыстарды нығайтуға бағытталған нұсқаулар қабылданады деп күтілуде.