Оралда қос бірдей алаяқ әйел қолға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда қос бірдей алаяқ әйел қолға түсті

Оралда қос бірдей алаяқ әйел қолға түсті

Орал қаласында жедел іздестіру шаралары барысында алаяқтыққа барған 45 және 38 жасар екі әйел қолға түсті.

  • 13 Сәуiр 2016
  • 506
Фото - Caravan.kz

БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, олар «Қалаға жақын маңнан жер телімін алып беремін» деп, 1972 және 1978 жылғы екі әйелді алдап, бірінің 350 мың, екіншісінің 450 мың теңгесін жымқырып кеткен.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 190-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, облыста жыл басынан күні бүгінге дейін 289 алаяқтық қылмысы тіркелсе, соның 131-і аяқталып, сотқа жолданды.