Оралда құтқарушы қыздар арасында сұлулық байқауы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда құтқарушы қыздар арасында сұлулық байқауы өтті

Оралда құтқарушы қыздар арасында сұлулық байқауы өтті

Оралда «Азаматтық қорғау аруы» байқауы өткізілді. Сән байқауы қызметті насихаттау, қызметкерлерді өнегелі-эстетикалық және мәдени тәрбиелеу, сондай-ақ азаматтық қорғау жүйесіндегі талантты әйел адамдарды анықтап дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Ең әдемі атану үшін қыздарға жоғары кәсібилік, спорттық даярлық, өзгешелік, творчестволық қабілеттілік және сүйкімді келбет қажет.

  • 25 Наурыз 2017
  • 707
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобының хабарламасына сүйене отырып, Caravan.kz тілшісі хабарлады.

Әр түрлі құрылымдық бөлімшелерде қызмет атқарып жүрген үш сүйкімді қатысушы қыздар көрермендер мен талғампаз қазылар алқасына өнер көрсетті. Қыздардан өзі және өзінің әуесқойлығы, қызметі жөнінде бірегей таныстырып, барынша табиғи таланттарын көрсету талап етілді.

«Визит карточкасы» деп аталатын бірінші кезеңде әрбір қыз өзін қазылар алқасы мен көрермендерге алғашқы минуттан есте қалу үшін тырысты. Біреулер өзін арманшыл және нәзік көрсетсе, кейбіреулер іскер және спорт жағынан таныты.

«Мен және менің мамандығым» екінші кезеңінде конкурсқа қатысушылар мамандығы және азаматтық қорғаудағы қызметі жөнінде өзгеше айтып берді. Содан кейін қыздар таңдау бойынша өлең оқуда, визаждың мастер класында және қолөңерінде, бұдан әрі қазылар алқасына аспаздық өнерін көрсетіп, өзінің фирмалық тағамы жөнінде айтып берді.

«Шик» ханымы» соңғы кезеңінде қатысушылардың әрқайсысы әдемі кешкі көйлектерде подиумда сән көрсетті. Подиумдағы бірінше сәтте қыздар тек өз сұлулығын көрсетіп қана қоймай, подиумда жүру және сахнада өзін ұстау қабілетін танытты.


«Азаматтық қорғау аруы» құрметті атағы №8 өрт сөндіру бөлімінің радиотелефоншысы азаматтық қорғау кіші сержанты Гүлназ Мұратоваға берілді. Бірінші орынды Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығы өрт байланысы орталық пунктінің байланыс аға шебері азаматтық қорғау кіші сержанты Айдана Жабалова ұтып алса, екінші орынды қазылар алқасы №2 өрт сөндіру бөлімінің радиотелефоншысы азаматтық қорғаудың қатардағы қызметкері Салтанат Бердашеваға берді.

Соңғы жаңалықтар