Оралда Спанч Боб балаларға жол ережесін түсіндіруде - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда Спанч Боб балаларға жол ережесін түсіндіруде

Оралда Спанч Боб балаларға жол ережесін түсіндіруде

Балаларды жолдағы апаттан кім қорғайды? Еліміздің барлық қалаларында бұл мәселемен полицейлер айналысса, Оралда Спанч Боб әрекет етуге кірісті. Әйгілі мультфильм кейіпкері балаларға жолдан қалай өту керектігін түсіндіріп, жарық шағылыстыратын арнайы леннталарды таратты.

  • 15 Қараша 2014
  • 284
Фото - Caravan.kz


Тәртіп сақшылары осы мульфильм кейіпкерінің сөзіне балалар құлақ асады деген сенімде. Спанч Боб жолдан қалай дұрыс өтіп, бағдаршамның жұмысын түсіндіріп жатқан уақытта полицейлер сырт киімге ілетін ленталарды таратты. Жарықты шағылыстыратын лента алыстан көрініп, сақтық шараларын күшейтеді. Ал балалар алып қуыршақты құшақтау үшін оның дәрісін тыңдауға дайын екен. Тек таратылған лента енді әржерде қалмай, оқушылардың киіміне тігілсе болғаны.