Оралда тұрғын үйде жарылыс болып, күлі көкке ұша жаздады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда тұрғын үйде жарылыс болып, күлі көкке ұша жаздады

Оралда тұрғын үйде жарылыс болып, күлі көкке ұша жаздады

Ал Оралда тұрғын үйлердің бірінде болған жарылыс себептері анықталып жатыр. Тілсіз жау 9 қабатты үйдің бірінші қабатында тұтынған. Құтқарушыларға бірден 60 адамды қауіпсіз жерге шығаруға тура келді.

  • 11 Наурыз 2014
  • 201
Фото - Caravan.kz


Төменгі қабатта құрылыс дүкені және соған іргелес дене шынықтыру залы мен сауна орналасқан екен. Тұрғын үйге монша салуға рұқсаттың қалай берілгені белгісіз. Өрт те, осы жуынатын жерден шыққан. Содан жапсарлас құрылыс дүкеніндегі материалдарға тиген. Шошып оянған тұрғындар көйлекшең көшеге жүгіріп шығуға мәжбүр болды. Қайта өрт сөндірушілер далаға 7 газ баллонын шығарыпты. Мұның барлығы жарылғанда, көпқабатты үйдің күлі көкке ұшуы да мүмкін екен.