Оралда түтінген уланған тұрғындар шу шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда  түтінген уланған тұрғындар шу шығарды

Оралда түтінген уланған тұрғындар шу шығарды

Оралда бірнеше ауданның тұрғындары қоқыс алаңына қарсы шықты. Себебі, тұрмыстық қалдықты тастайтын алаң олардың үйлеріне таяқ тастам жерде орналасқан. Ал ондағы сасық иіс пен қоқысты өртеген кезде шығатын түтін тұрғындарды тұншықтырып отыр. Ұзақ жылдар бойы жағымсыз иіске уланған жұрт қала басшысынан басқа жерден полигон ашуды сұрап отыр.

  • 27 Қараша 2014
  • 249
Фото - Caravan.kz

Тұрмыстық қалдықтарды тастайтын бұл алаң – 30 жыл бұрын ашылған.Сол кездетұрғын үйлер меносы алаң арасындағы қашықтық 10 шақырым болыпты. Енді міне қоқыс көбейгендіктен ол, қалаға қарай созылған.

Наталья Шуваева, Орал қаласының тұрғыны:

-Мына жағымсыз иістен, терезені ашу мүмкін емес. Жазда тұншығамыз. Ауырып жатырмыз. Қоқыс алаңынан шыққан иіс бізді айтпағанда, тіпті, саяжайларға дейін жетеді.Мына жерде өмір сүру қиын болып кетті.

Дау тудырған қоқыс алаңының аумағы 36 гектарды құрайды.Ол жерлер қазір қоқысқа лық толып қалыпты. Артынан оның барлығы өртеледі екен. Ал, одан шыққан қою қара түтін қалаға қарай будақтайды. Сондықтан тұрғындар тек сасық иіске ғана емес түтінге де тұншығып отыр.

Нұргелді Мұстафин, Орал қаласының тұрғыны:

-Қоқыс алаңы бізді улап отыр. Кішкентай балалар мен қарт кісілер бар. Барлығы далаға шығып таза ауамен тыныстағысы келеді. Бірақ ол мүмкін емес.Осыны айтып, акімдікке де талай мәрте шағымдандық. Мына алаңды жабуды талап етеміз.

Қаланың басшылары да бұл мәселеден хабардар екен.Айтуларынша,жұрттың құтын қашырған қоқыс алаңын жабу жоспарда бар. Тіпті, жаңасын ашуды да қолған алған көрінеді.


Ғалым Орынғалиев, Орал қаласы әкімінің орынбасары:

-Қоқыс полигоны тұрмыстық қалдықтарға лық толды. Сондықтан жаңасын ашамыз. Ол қазіргі алаңнан 7 шақырым қашықтықта орналаспақ. Әрі сол жерде қоқысты іріктеп, оны өңдейтін зауытты да саламыз.

Бірақ бұл бүгін, ертең іске аспайды.Жаңа қоқыс алаңы тек 2-3 жылда ғана пайдалануға берілмек. Сондықтан қоқыстың қасында қоныстанған жұртқа әлі де біраз сасық иіспен тыныстауына тура келеді.