Оралда зейнеткер танысын үйінде рұқсатсыз жуынғаны үшін өлтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда зейнеткер танысын үйінде рұқсатсыз жуынғаны үшін өлтірді

Оралда зейнеткер танысын үйінде рұқсатсыз жуынғаны үшін өлтірді

Оралдық зейнеткер Асылзада Мерғалиева танысы Айгүл Әбұлхатинаны өлтіргені үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі «Уральская неделя-ға»  сілтеме жасап.

  • 26 Қазан 2018
  • 22
Фото - Caravan.kz

Кеше 25 қазанда Орал қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында 38-жастағы Айгүл Әбұлхатинаны өлтірген зейнеткер Асылзада Мерғалиева қылмыстық кодекстің «адам өлтіру» бабы бойынша 11 жылға сотталды. Сондай-ақ, Мерғалиева зардап шегуші тарапқа 2 миллион теңге төлеуге міндетелді. Танысының қолынан ажал құшқан жәбірленушінің туыстары да сот үкімімен келісті.

Судья Бақыт Ермахановтың айтуынша, сотталушы Мерғалиева 2018 жылдың 25 шілдесінде марқұм Әбілхатинамен спирттік ішімдік ішкен. Сол күні сағат 16: 00-де сотталушы дүкенге шығып кеткен. Үйге оралғанда, танысы Әбұлхатинаның үйінің жуынатын бөлмесінде жуынып жатқанын көріп қалады. Сонда Мерғалиева оған пәтерінде қожалық етпеуін ескертеді. Ал жәбірленуші болса үй иесіне әдепсіз сөздер айтып, басын жууды жалғастыра берген. Оның әрекетіне ашуланған Мерғалиева әйелді өлтіру мақсатында, сөредегі пышақты алып, Әбұлхатинаның арқасынан сұғып алады. Пышақ жарақаттын алған зардап шегуші оқиға орнында көз жұмды.

«Мен бәрімен келісемін. Оған дұрыс шешім қабылдады. Ол зейнеткер және оған осы мерзім жеткілікті. Қызымның артында 14 жасар ұлы қалды. Қазір ол әкесімен бірге»,- деді қайтыс болған әйелдің анасы Любовь Абұлхатина.


Кісі өлтірген Мерғалиева маскүнемдіктен зардап шегеді және емделуге мұқтаж. Сондықтан ол жазасын өтеу кезінде ішімдікке құмарлықтан емделетін болады.

 

Соңғы жаңалықтар