Оралда жарылғыш зат қойылды, деп жалған ақпарат берген екі оқушысы ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда жарылғыш зат қойылды, деп жалған ақпарат берген екі оқушысы ұсталды

Оралда жарылғыш зат қойылды, деп жалған ақпарат берген екі оқушысы ұсталды

Астана. 3-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Оралда жарылғыш зат қойылды, деп жалған ақпарат берген екі оқушысы ұсталды, деп хабарлады "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің ақпарат және қоғамдық байланыстар орталығынан.

  • 3 Қазан 2007
  • 476
Фото - Caravan.kz

Полицейлердің ақпараттарына сүйенсек, кеше Орал қаласының № 13 орта мектебі директорының қабылдау бөліміне бір жасөспірім қоңырау шалып, оқу мекемесінің ғимаратына жарылғыш заттың қойылғандығы туралы хабарлаған. Аталған жерге Ішкі істер департаментінің тергеу-жедел тобы, Төтенше жағдайлар департаментінің және Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің өкілдері келіп жеткен.

«Ғимараттан 43 оқушы, 23 мұғалім және 7 қызметші шығарылды. Тексеру 2,5 сағатқа созылды», — деп атап өтті ақпарат орталығындағылар. Ол сондай-ақ «жарылғыш заттың табылмағандығын» хабарлады. Полицейлердің хабарлауынша, Ішкі істер департаменітінің жедел тобы мен қалалық ішкі істер бөлімі жалған хабарды мектептің 6-сыныбында оқитын екі қыз бергендігін анықтады. «Қазіргі уақытта оқушылар ата-аналарының кепілдігімен үйлеріне жіберілді»,- деп хабарлады ақпарат орталығындағылар.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті