Жарияланды: 390

Оралда жүкті әйелді қағып кеткен жүргізушіге қатысты іс сотқа түсті

Оралда жүкті әйелді қағып кеткен жүргізушіге қатысты іс сотқа түсті

Орал қалалық сотына ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлімі (адам өліміне әкеп соқтырған жол ережесін бұзу) және 347-бабы (жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу)

бойынша айыпталған П.Бакаушинге қатысты сотқа дейінгі жеделдетілген іс түсті.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, П.Бакаушин орта дәрежедегі масаң күйінде көлік руліне отырып, жаяу жүргінші жолағымен өтіп бара жатқан жүкті әйелді қағып кеткен. Алған дене жарақаттары салдарынан жас келіншек оқиға орнында көз жұмды. Ал ішімдік ішкен жүргізуші оқиға орнынан кетіп қалған.

Қылмыстық іс бойынша басты сот талқысы 4 қарашаға белгіленді.

Еске сала кетейік, аталған жүргізуші 4 қазан күні  LIFAN автокөлігімен Ғ.Құрманғалиев көшесі бойында 1988 жылғы А.Марченконы қағып кеткен болатын. Жүкті әйелдің соңында екі кішкентай баласы қалды. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін