Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, уақытша құрылыстың төбесі, сахнасы, көрермендер залының бір бөлігі жанған. Сағат 7.50-де сөндірілген өрт аумағы 120 шаршы метрді қамтыған.
Өрт электр жабдығын қондыру ережесін бұзудан шыққан деген жорамал бар. Келтірілген шығын мен кінәлі адамдар анықталуда. Зардап шеккендер жоқ. Өрт шыққан кезде күзетші ғана болған.