Жарияланды: 510

Оралдағы тамақтан уланып ауруханаға түскен балалар саны 101-ге жетті

27-шілде күнгі кешкі сағат 18-дегі жағдаймен Оралдағы тамақтан уланып ауруханаға түскен балалар саны 101-ге жетті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, зардап шеккендердің барлығы облыстық құрт ауруына қарсы "Ивушка" балалар диспансерінде емдеуде болған. Азық-түлік инфекциясы сапасыз тағам тұтынудан болып белең алған. Балалардың барлығы да шілденің 21 мен 23-і аралығында жұқпалы аурулар ауруханасына түсті. Тамақтан улану салдарынан 12 жасар қыз қайтыс болды. Санаторийде эпидемияға қарсы шаралар қолданылып, тазалық талаптарын өрескел бұзу оқиғалары анықталды. Жауапты адамдарға қатысты материалдар қалалық сотқа жіберіліп, балаларды жаппай уландыру себептерін тексеру одан әрі жалғасуда. Жедел дәрігерлік көмек көрсету нәтижесінде зардап шеккен 30 бала ауыр ахуалдан айықты. Тағы да 14 бала орташа ауыр ахуалда болса, 74 баланың денсаулығы орташа деп бағалануда. 13 бала ауырғандармен байланыста болу себебіне байланысты ауруханаға жатқызылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть