Оралдағы жәрмеңкеден арзан ет таба алмаған жұрт шу шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралдағы жәрмеңкеден арзан ет таба алмаған жұрт шу шығарды

Оралдағы жәрмеңкеден арзан ет таба алмаған жұрт шу шығарды

Оралда ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі шумен аяқталды. Жергілікті билік жұртқа осылай арзанға азық-түлік ұсынбақ болған. Алайда бұған тұрғындардың көңілі толған жоқ.

  • 19 Ақпан 2014
  • 216
Фото - Caravan.kz

Жарнамасы жер жарған жәрмеңкеге жұрт таңғы 10-нан бастап ағылған болатын. Ет, сүт, май мен көкөніске дейін жеткізіліпті. Тек оған тұрғындар риза болмай шықты. Біріншіден баға әкімдік айтқандай емес, әрі азық-түлік сапасы да көңіл көншітпейді екен.

Татьяна Кирсанова, Орал қаласының тұрғыны:



-.850 теңгеден жақсы ет аласыз дегені қайсы? Кілең сүйек, май. Бағасы да төмен емес, сол қалпы. Ұялмай келіп халықты алдайды. Облыстың түкпір-түкпірінен келген елді сандалтып нелері бар?!