Оралдағы ЗК-170/2 түрмесінде 25 тұтқын дене мүшесін зақымдау актісін ұйымдастырды. Бұл туралы ІІМ Қылмыстық-түзету жүйесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Хабарламаға сүйенсек, жуырда колонияда алдын алу жұмыстары жүргізіліп, тыйым салынған заттар тәркіленген болатын.
«Соған қарамастан, 25 тұтқын өз-өзін жарақаттаған. Оларға медициналық көмек көрсетілді.
Арандатушылар анықталды, олар тәртіптік жауапкершілікке тартылады», делінген хабарламада.