Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті.
Оның айтуынша, аталған қылмыстық топтың құрамына Жамбыл облысы Байзақ ауданының бас сәулетшісі А.Момынжанов, Өзбекстанның тумасы Н.Жұбаев, ауылдық округ әкімі аппаратының бас мамандары Д.Сумелиди мен Құралбаев кірген. Оны Сарыкемер ауылдық округінің бұрынғы әкімі Я.Мұсаев басқарған. «2007-2010 жылдар аралығында қылмыстық топ жер телімдерін жекеменшік мүлікке беру туралы жалған шешімдер шығару арқылы оралмандардың 9 млн.теңгесін иемденіп кеткен. Бүгінде Сумелиди мүлкін тәркілеумен 8 жылға бас бостандығынан айырылды, ал Мұсаев, Момынжанов және Жұбаевқа іздеу жарияланды», — дейді М.Жұманбай.