«Орамалға келдім»: Атышулы Қалаулым қатысушысы бес уақыт намазға жығылғанын мәлімдеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Орамалға келдім»: Атышулы Қалаулым қатысушысы бес уақыт намазға жығылғанын мәлімдеді

«Орамалға келдім»: Атышулы Қалаулым қатысушысы бес уақыт намазға жығылғанын мәлімдеді

Атышулы «Қалаулым» бағдарламасының қатысушысы, блогер Камила Әділхан енді орамал тағатынын мәлім етті.

  • 20 Ақпан 2023
  • 52
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz тілшісі мәлімдейді.

Блогер бұл жаңалығымен өзінің Instagram парақшасында бөлісті.

«Бір жыл бұрын дәл осы уақытта 5 уақыт Намазға келген едік Меккеде , өмірімде бірінші рет намаз оқып көрген едім ! Және ол бақытпен қоса Алла 5 уақыт намазға да жүректегі махаббатты ашып келтірді!
1 жыл бойы 3 сұраққа жауап іздеумен білім алу барысында болдым, қазірде сол жолдамын
1. Мені кім жаратты , қайдан келдім?
2. Не себепті жаратты?
3. Қайда барамын бұл өмірден кейін ?
Осы сұраққа жауап алу барысында Алланы және Пайғамбарымыз (с.ғ.с) тану жолында болдым!
Ал міне арада 1 жыл салып Алла тағала жүрегіме орамалға деген махаббатты салды ! Ойламаған жерден! Ойлаңызшы даже гардеробтан бөлек Орамалды әдемі тағуды білмейтін Камидің жүрегі Орамалға бұрылды сенімділікпен. Барлығы Алланың қалауымен болады екен қыздар!
Жаратқаныңды тану жолында болсан бәріне қиналмай , жүрекпен келеді екенсің! Ең бастысы сізге қиын болмау керек , оны тек өзіңіз сезесіз жүрекпен. МашАлла тілектеріңіз, жасаған дұғаларыңыз өзіңізге еселеп қайтсын! Ішімдегі сезімдермен бөлісу бақытқой сіздерге», — деп жазды ол.

Желі қолданушылары блогерге бақыт тілеп, дұрыс жолда екенін айтқан.


«Алланың нұры жаусын», «Жарайсыз», «Әркім өзінің жанының қалауымен осындай маңызды шешімге келетін шығар, не дейміз, ұзағынан болсын», «Қызық, жастар біресе орамал тағып, біресе оны шешіп, адасып жүреді, сіз олай етпейтін шығарсыз?» деп жазды олар.

Соңғы жаңалықтар