Жарияланды: 910

Орашолақ реттеу немесе шенеуніктер ел тәуелсіздігін қалай сатып жатыр?

Әр жылы біз отын проблемасына соқтығамыз. Мұнда жанармай құю стансаларының (ЖҚС) сегментіндегі ұсақ ойыншылар жұмыс жағдайының жоқтығы мен жаппай күйреу қаупінің барлығына шағымданып, монополшыларды баға туралы келісім жасап алған деп айыптайды, ал осы жағдайда ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің бәсекелестікті қорғау комитеті шарасыздық танытып, сырт қалып отырғанды жөн санайды.

Олар журналистердің назарын көптеп аударып, отын тапшылығынан жұмысты тоқтатамыз деп қорқытады. Әсіресе ол әлеуметтік маркалар АИ-80 мен дизел отынына қатысты. Ұсақ ЖҚС-тар бензинді ірі ойыншылардың бағасымен сатуға мәжбүр, ал соңғы уақыттары көтерме баға бөлшек бағадан жоғары екендігі құпия емес қой. Көптеген сарапшылар отын дағдарысының туындауының бір себебі – мұнай өнімдерінің бағасын мемлекеттік реттеу деп отыр. Сондай-ақ ұсақ компанияларда ЖЖМ-ды қандай да ашық отын-шикізаттық биржадан сатып алу мүмкіндігінің жоқтығында, ал алыпсатарлар болса өмір шындығына сай келмейтін баға сұрауында. Бір тұйықталған шеңбер сияқты: онда ТМРА сатушыларға өзінің бағасын тағайындайды, ал трейдерлер үшін, бәлкім, «заң жоқ» шығар, сондақтын олар өз деген бағаларын қояды. Мысалы, мамыр айында шағын бизнес ЖҚС-терде сату үшін мұнай өнімдерін келесідей көтерме бағамен алды: Аи-80 – 82 т/литр, ДТ – 83 т/литр. Ал мұнай өнімдері нарығында үстем компаниялардың ЖҚС-терінде келесідей баға: Аи-80 - 70-78 т/литр, ДО - 80-83 т/литр. Мұндай жағдайда адал бәсекелестік туралы айтудың өзі де қисынсыз. Монополистер отынды ең төменгі бағадан да төмен бағамен сатып отырғанда не істеуге болады? Ірі компания өкілдері болса оны, бәсекелестерге қатысты демпинг емес, реттеуші органдармен тағайындалған баға деп түсіндіреді. Ұсақ ЖЖМ сатушылар болса, ашық отын-шикізат биржасын құруды ұсынады. Олар сол жерден қажет көлемін сатып алып, және оларға баға еркіндігін берер еді. Сондай-ақ тексеруші органдарда шекті баға деген қайдан пайда болатындығына, және бір ойыншыларға бағаны көтеруге болады, ал екіншісіне болмайтындығына жауап беруге де болар еді. Бәлкім мұнымен қаржы полициясы айналысуы керек шығар. Нарық реттелгенге дейін ЖҚС-тердегі шағын бизнес үстем компанияларға қарағанда төмен баға қоя алатын. Қазір сенат қарауында жатқан, мұнай өнімдері нарығын тұрақтандыруы тиіс деген «Мұнай өнімдерінің айналымы туралы заң», көптеген жеке ЖҚС иелерінің айтуынша, нарыққа мүлдем қарсы. Себебі ол көтерме бағаны реттемей жатып, бөлшек саудадағы ең шекті бағаны бекітеді. Ол ірі көтермешілерге одан да көп пайда көруге, ұсақ ЖҚС-тарды нарықтан ығыстырып, оларды «тиынға» сатып алып, нарықта монополия орнатуға мүмкіндік береді. Жел қай жақтан? Орталық Азия нарығына ресейлік мұнай-газ алыптарының бірі өзінің ЖҚС желісімен енуге ұмтылып отырғаны бәріне белгілі. ЖҚС-тардың бұл желісі Қырғызстан мен Тәжікстанда орнығып, ЖЖМ сату нарығының 80%-ға жуығын жаулап алғаны да құпия емес. Бұлай болудың себебі неде? Өйткені Орталық Азиядағы бір де бір мемлекет, соның ішінде мұнай мен газдың мол қоры бар Қазақстан да, өзінің нарығын өз бетімен отынмен қамтамасыз ете алмайды. Ал ЖЖМ дегеніміз бүгінгі заманның қысым көрсету құралдарының бірі. Біздің елімізге келсек, «Газпромнефть» компаниясының біздің жақтың жоғары лауазымды тұлғалары мен мұнай барондарының арасында Қазақстанға келуіне қатысты қызу түрде лобби жүргізіп жатыр. Бұған кедергі болып отырған жағдайлар: дамыған ЖҚС желілері, сондай-ақ, Қазақстандағы мыңдаған жеке-жеке отын құю станциялары. Шындыққа сәйкес келетін ақпаратқа жүгінсек, әзірге Алматының орталығында кеңсесі ғана бар ресейлік ойыншы тарамдалған ЖҚС желісін сатып алуды көздеп отыр. Алайда бұл әзірге жүзеге аспай отыр, ал отандық желі өмір сүру құқығы үшін күресіп жатыр. Ұсақ ойыншылардың мұндай мүмкіндіктері жоқ, демек қазақстандық шенеуніктер ұсақ ЖҚС иелерін өздерінің отын құю станцияларын сатуға көндіріп, өздері лобби жасап отырған ресейлік алыптың нарыққа кіруіне кедергі болмауы үшін оларға қысым көрсетуге тырысуда. Қазіргі уақытта ресейлік компания нарықтың басым бөлігін жаулап алған Тәжікстанда 92-ші бензин $1,20 тұрады, ал Қырғызстанда бір көлікке бензин 20 литрден сатылады. Шенеуніктеріміздің шағын және орта бизнеске әдейі ойран салып жатқанда нені меңзейтіні туралы өздеріңіз де түсінген шығарсыз. «Халықтың игілігі үшін қызмет ететіндер» монополистерді сондай қатты жақсы көреді. Еуропаға газды тоқтатып қоюға болатыны бұрыннан белгілі. Өз нарығымызға Боржомиді жібермеуге де болады. Балтық жағалау елдерінің майлы балықтарын жемеуге де болады. Бірақ егер бағасын асырып жіберсе немесе Кеден одағына кіргісі келмейтін бір ел үшін ЖЖМ-ға кедендік баж салығын енгізсе, ЖЖМ-ға қымбат баға белгілеу арқылы кем дегенде экономикасын тұралатуға, ал одан ары оның аумағында бензин төңкерісін ұйымдастыруға болады. Құдай сақтасын, әрине… Қазақстанның нарығын ақшаға ғана қызыққан лоббистер командасының орнына тауар биржалары реттеп, билік институттары мемлекеттің мүдделерін көздеп әрекет ететін сөзбен емес, іс жүзінде нарықтық ел болғанын қалаймыз.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть