"Өрескел қате жіберген": Биыл 21 судья жауапқа тартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.49
  • 547.88
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Өрескел қате жіберген": Биыл 21 судья жауапқа тартылды

"Өрескел қате жіберген": Биыл 21 судья жауапқа тартылды

Биыл жауапқа тартылған судьялардың саны екі жарым есе өскен. Бұған жұмыстың жаңа механизмі әсер етті дейді сарапшылар.

  • 8 Қараша
  • 9
Фото: pixabay.com

Өткен жылға қарағанда биыл өрескел қателік жіберген судьялардың саны өскен, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл заңды білмеу ме әлде, белден басу ма, ол жағына талдау жүргізіліп жатыр. Бірақ, бір анығы оларға артылатын жауапкершілік Конституцияда арнайы баппен бекітілгенін елдің бәрі жақсы біледі.

«Сот істерін қарау кезінде судьядардың заңды бқзу жағдайлары жиі кездеседі. Кейіннен шыққан шешім қайта қаралады, адам ақталады. Ал қаржы министрлігі салық төлеушілердің қалтасынан өтемақы төлейді. Алайда ақпараттық кеңестікте осындай судьялардың жазаланғаны туралы ақпаратты көрмейміз», — деді депутат Серік Шайдаров.

Статистика бар. Биыл өрескел қате жіберген 21 судья жауапқа тартылса, былтыр осындай айып 9 судьяға тағылған.

«Кері көрсеткіш. Биылғы тоғыз айдағы көрсеткіш былтырмен салыстырғанда екі жарым есе көп. Оның себебі бар. 1 қазаннан бастап жаңа механизммен жұмыс жүргізіле бастады. Өкінішке орай бүгінгі жағдай осы», — дейді Жоғары сот кеңесінің мүшесі Нұрия Сисенова.

Тәртіптік жауапкершілікке тартылған судьялар ішінде жұмысынан қуылған да, сөгіс алғандар да бар. Енді олар сүрінбеуі тиіс. Бұрын шалыс басқан судьяның ісі алдымен жоғарғы немесе облыстық соттың пленарлық отырысында қаралатын. Енді тікелей сот жюриі қарайды. Оның құрамында 9 адам бар. Оның біреуі адвокат, қалғандары судьялардан тұрады. Осы тұлғалар бұра тартып кетпес үшін, жюриге қоғамдық мүшелерді көптеп кіргізуді қадағалағаны жөн.