Өртке байланысты 12 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген. Ал, екі бірдей ірі көлік магистралі мүлдем жабылып қалды. Қазір тілсіз жаумен 6 мыңнан астам өрт сөндіруші күресіп жатыр. Десе де бүгінге дейін өрттің 5 пайызын ғана өшірген. Бірінші кезекте бұған ыптап ыстық пен жел кедергі келтірді дейді мамандар. Жалын тіпті, маңайдағы үйлерге де жетіп қалған. Өрт жылжып келе жатқан аумақта 6 мыңнан астам үй бар.