Жарияланды: 460

Өрт салдарынан 60 жастағы ер азамат қаза болды - Төтенше жағдайлар министрлігі

Алматы облысының Талдықорған қаласында жаңадан салынып жатқан жекеменшік үйдің алдында тұрған вагон өртеніп кетті, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінен.

Өрт сағат 20.35-те ауыздықталып, 20.49-да толық сөндірілді. Өрт сөндірушілер оқиға орнынан 60 жастағы ер азаматтың денесін тапты. Ал Астанада пәтерде жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде бетон еденге жағылған еріткіш аяқ астынан тұтанып кетіп, оқиға салдарынан 4 адам күйік жарақатымен ауруханаға түсті, олардың үшеуі - 18 жастағы жасөспірімдер.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін