"Орталық Азия сырттан келетін қауіптерге қарсы келуге дайын емес" - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Орталық Азия сырттан келетін қауіптерге қарсы келуге дайын емес"

"Орталық Азия сырттан келетін қауіптерге қарсы келуге дайын емес"

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың пікірінше, Орталық Азия аумағы сыртқы және ішкі қауіптерге дайын емес.

  • 21 Мамыр 2014
  • 310
Фото - Caravan.kz

"Әсіресе Орталық Азияның біртұтас аумақ ретінде қауіптерге дайын еместігі фактісі ерекше қауіп туғызады", деді сәрсенбіде А.Атамбаев Шанхайда Азиядағы өз ара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің мемлекет басшыларының саммитінде сөйлеген кезінде.

"Діни экстремизмнің артуы, Орталық Азия елдеріне террристік топтардың ену қаупі, аумақта есірткі трафигінің арту қаупі басты проблема болып отыр, аумақ мемлекеттері әлемдік қоғамдастықтың көмегімен оған басты назар аударуға тиіс", деді ол.

Оның айтуынша, АӨСШК қатысушылары арасында өз ара ықпалдастық пен кешенді жұмыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылуы ғана ондай құбылыстарға тиімді кедергі бола алады.