Жарияланды: 1200

Орталық Азиядағы қауіпсіздікке төнген қауіп-қатердің басым бөлігін аймаққа тікелей экономикалық инвестиция енгізу арқылы жоюға болады- БҰҰ өкілі

"Орталық Азиядағы қауіпсіздікке төнген қауіп-қатердің басым бөлігін аймаққа тікелей экономикалық инвестиция енгізу арқылы жоюға болады".

Мұндай пікірді , бүгін, 7-маусымда Алматыдағы Трансазиялық парламенттік форумда сөз сөйлеген БҰҰ Даму Бағдарламасының Қазақстандағы ресми өкілі Фикрет Акчура ортаға салды. Ф.Акчураның айтуынша, ТМД елдерінде құрылымдық өзгертулердің бірқатар әлеуметтік-экономикалық салдары, атап айтсақ, жұмыссыздық, кедейлік және жоқшылық тауқыметі әлі де жойылмай отыр. Қоғамда жалпылама құрылымдық өзгертулер жүзеге асырылуда. Алайда біраз уақытты талап ететін мұндай ахуал қоғамның осал тұстарын арттырып, аймақтағы жалпы қауіпсіздікке қатер төндіруде. Бұл қауіп-қатер одан әрі Еуропа аймағына қарай ден қоюы әбден мүмкін. Бізге шынайы демократияға ден қоюға септігін тигізе алмайтын шалағай құрылымдар қажет емес. Бізге шынайы ілгерілеушілік керек,- деді ол. Осыған байланысты Орталық Азия аймағындағы мемлекеттерге құзыретті билік құрылымдарын қалыптастыруға қолұшын беру керек. Ондай құрылымдар қауіпсіздікті барлық қырынан , дәлірек айтсақ, әлеуметтік, экономикалық, саяси, әскери және экологиялық тұрғыдан нығайтуға септігін тигізуі тиіс. Осы орайда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше барлық мемлекеттер мен Орталық Азия аймағы елдерінің билік органдары тарапынан біршама күш жұмсау талап етіледі. "Қауіпсіздік органдарының бірлескен әрекеті мен шекарадағы қатаң бақылау-тексеру дүниежүзінің барлық елдері бірдей бетпе-беп келген ортақ қауіппен тізе қосып күресуге мүмкіндік беріп отыр",- деді БҰҰ Даму Бағдарламасының Қазақстандағы ресми өкілі Фикрет Акчура. Егер Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынан алған көмек аймақтағы экономикалық дамуға, жұмыссыздық, жоқшылық және кедейлік, экожүйенің кері кету тауқыметтерін азайтуға, денсаулық сақтау деңгейін жақсартуға септігі тиіп жатса нұр үстіне нұр,- деді БҰҰ өкілі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть