Жарияланды: 440

Орталық сайлау комиссиясы сенат депутаттарының сайлауына халықаралық байқаушыларды аккредитациялай бастады

Орталық сайлау комиссиясы сенат депутаттарының сайлауына халықаралық байқаушыларды аккредитациялай бастады

Астана. 13 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Орталық сайлау комиссиясы сенат депутаттарының сайлауына халықаралық байқаушыларды аккредитациялай бастады. Тиісті қаулы бүгін өткен Орталық сайлау комисиясының отырысында қабылданды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Парламент сенатының депутаттарының сайлауын өткізетін кезеңде аккредитацияны ОСК Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің таныстыруымен жүргізеді. Байқаушыларды аккредиатциялау 2008 жылдың 28 қыркүйегінде аяқталады", - деді ОСК мүшесі Татьяна Охлопкова. Өз кезегінде ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов бүгін өткен брифинг барысында 2005 жылғы парламент сенатының депутаттарын сайлауға халықаралық ұйымдар мен шетелдерден 52 байқаушы аккредитацияланғанын еске салды. Оның хабарлауынша, Қазақстандық байқаушылардан "Сайлауларды бақылау комитеті" республикалық қоғамдық бірлестігі байқаушылық жасауға ниет білдірген. Сенат депутаттарының сайлауы 2008 жылдың 4 қазанына тағайындалды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть