Прибрежноеға апаратын екі тас жол да қазір толығымен су астында қалып, ауылдағы бір жарым мыңға жуық адам аралда қалғандай күй кешуде. Тіпті жаяу жүргіншілерге арналған көпір де жоқ. Ал тұрғындардың дені облыс орталығына қатынап жұмыс істейді. Қазір оларды төтенше жағдай қызметінің арнайы техникасы тасып жүр. Он адамға шақталған көлік балалар мен әйелдерді ғана алған. Ер адамдар өзге жүк көлігіне отырып жатыр. Ауылға аса қажетті азық түлікті де осы машинамен тасуда. Жылдағы тәжірибеге сүйенген мамандар судың беті тек он шақты күннен кейін қайтады деп отыр.
Сәрсенбай Аюпов, Петропавл қаласының тұрғыны:
— Суға кетті міне, су кіріп кетті.
Өз көзімменен, кеше балам барған да, енді өзім көрейінші деп, бүгін жұмыста балам, анда кісілер бар ғой. Тамағын апара жатырмын. Сол жағдай. Мұндайды көргем жоқ мен.