"Орыс админдеріне жақпайтын сөз жазсаң, бірден банға жібере салады": Журналист желідегі тәуелділік туралы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Орыс админдеріне жақпайтын сөз жазсаң, бірден банға жібере салады": Журналист желідегі тәуелділік туралы айтты

"Орыс админдеріне жақпайтын сөз жазсаң, бірден банға жібере салады": Журналист желідегі тәуелділік туралы айтты

Журналист Жолымбет Мәкіш әлеуметтік желідегі ресейліктерге немесе орысқа тәуелді болудың салдары туралы ой қозғады. 

  • 30 Қыркүйек 2021
  • 113
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол өз басынан өткен оқиғамен байланыстыра отырып  жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Тілшінің пайымдауынша, бар бәле аккаунт ашар кезде қандай тілді таңдағаныңызға байланысты екен. 

"Бір ай бұрын орыстанған украиналықтар туралы постқа бір сөз жазамын деп, аяқ асты банға кетіп қалдым. Әлгі жерде ішім удай ашыды. Нем бар еді соны жазып! Содан тыныш отырмай, осы тақырыпты өзімше зерттедім ғой. Фейсбукке алғаш тіркелген кезде біз «аккаунттың тілі» деген жерге орыс тілін жазады екенбіз. Содан автоматты түрде «орыс әлемінің» аумағына кіріп кетіп, бізге түскен әр арыз-шағымды орыс админдары қарайды екен. Біздің әлеуметтік желіні де орыс админдары бақылайтын болып шықты, сөйтіп.. Орыс админдарына жақпайтын сөз жазсаң, олар сені бірден банға жібере салады. Кім екеніңе, қандай мақсатпен жазғаныңа қарамайды. Мені басында екі-үш күнге жіберетін еді, кейін бір айға бір-ақ жіберетін болды. Басында ауыр қабылдайтынмын, кейін оған да үйрендік. Бірақ қайта-қайта банға кеткен де жаман екен. Фейсбуктің тілі деген жерге украин тілін жаздым ақыры. Украин админдері «ка..ап» деген сөз үшін банға жібермейді. Оларға бұл сөз майдай жағады ғой. Бұрын кейбір видеодағы комменттердің аудармасын білгім келгенде аударып алып орысшасын оқи салатынмын. Енді бұдан былай украинша жазылған соң түк түсінбей отыратын болдым. Бір жаман жері осы екен. Өстіп жүріп украин тілін үйреніп алатын шығармыз",- деп жазды Жолымбет Мәкіш.

Еске салсақ, соңғы кезде қоғамда орыс әлеміне деген тәуелділік мәселесі жиі сөз болуда. Әсіресе соңғы кезде желіде eGov.kz порталы ресейлік мамандардың қолына өтетінін туралы ақпарат қызу талқыланып жатыр


Соңғы жаңалықтар