Орысша жазған Мейрамбек Бесбаев желідегілерді күлкіге қарық қылды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орысша жазған Мейрамбек Бесбаев желідегілерді күлкіге қарық қылды

Орысша жазған Мейрамбек Бесбаев желідегілерді күлкіге қарық қылды

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Алайда қазақылығымен дараланатын әнші бұл жолы әріптесіне ерекше құттықтау жасады. Нақтыласақ, ол Рина

  • 10 Ақпан 2017
  • 1089
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Алайда қазақылығымен дараланатын әнші бұл жолы әріптесіне ерекше құттықтау жасады. Нақтыласақ, ол Ринат Гайсинге деген ақ тілегін орыс тілінде жеткізді.

“Дорогой, родной Гайсин, поздравляю тебя от всей души С днем рождения!!! Желаю тебе крепкого здоровья, семейного счастья и долголетия! -дей келе бар жақсылықты тілеймін бауырым. Аман бол! Жасай бер!” – дейді Мейрамбек Бесбаев

Мұны көрген желі оқырмандары қатты таңырқап қалды. Кейбіреулер, тіпті, жазбаны Бесбаевтың өзі қалдырды дегенге сенбеді. Ал көпшілік мұның әзіл екенін түсініп, күлкі сыйлағаны үшін әншіге алғыс айтып жатты.

“Орысшаны жынды жібереді екенсіз ғой, аға”, “Дорогой, родной Гена деп қоймадыңыз ба?”, “Мейрамбек, сіз өзіңіз жаздыңыз ба? Сіз орысша жазбаушы едіңіз, сол үшін қатты сыйлайтын едім”, “Жардыңыз, мен де Мейрамбек аға орысша жазбайды деуші едім”, “Қазақша үйретіңіз, Мейрамбек інім”, “Орысша жазғаныңызды бірінші рет көріп тұрмын”, “Макең орысша біледі екен ғой, бірінші рет көріп тұрмын орысша жазғанын”, – дейді олар.


Соңғы жаңалықтар