Жарияланды: 500

ОСК сенат депутаттарының сайлауында халықаралық байқаушылар саны ұлғаяды деп күтуде

Астана. 8 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Орталық сайлау комиссиясы парламент сенаты депутаттарының сайлауында халықаралық байқаушылар саны ұлғаяды деп күтуде. Бұл туралы бүгін парламент сенаты депутаттарының сайлауы науқанын ұйымдастырып өткізу мәселелері жөніндегі семинар-кеңес барысында ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Егер 2005 жылы халықаралық байқаушылар саны 50-ден астам ғана болса, биыл біз олардың саны біршама артық болады деп күтудеміз", - деді ол. "ОСК ҚР СІМ-іне халықаралық байқаушылар институтын ашу жөніндегі өтінішпен хат жолдады", -деді өз кезегінде ОСК төрағасының орынбасары В. Фоос. "Демек, дауыс беру бөлімшелерінде сенімді тұлғалар мен Қазақстандық байқаушылармен қатар шетелдік байқаушылар да болады", - деді ол. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, парламент сенаты депутаттарының сайлауы 2008 жылдың 4 қазанына тағайындалған. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін