Жарияланды: 730

Өскемен әуежайы түнгі жұмыс режіміне ауысады

Өскемен әуежайы түнгі жұмыс режіміне ауысады

7-19 тамыз аралығында Өскемен әуежайы 10 күнге түнгі жұмыс режіміне ауысады.

Бұл күндері жоспарға сәйкес ұшу жолақтары күндізгі уақытта жөнделмек.

Жолаушыларды тасымалдау түнгі уақытта жүргізіледі. 

Әуежай басшысы Николай Короленко айтқандай, бұл күндері ұшыру жолының қатты қабатын ауыстыруды көздеп отыр. Жөндеу жұмыстары таңғы сағат 5-тен кешкі 20.00-ге дейін жүргізіледі.

«Әуе рейстерінің кестесін өзгертулері үшін барлық әуе компанияларын 30 күн бұрын ескерттік», - деді Н.Короленко.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін