Жарияланды: 500

Өскемен: Меновное тұрғындары кәріздің сасық суына тұншығып отыр

Өскемен іргесіндегі Меновное кентінің тұрғындары бірнеше жылдан бері  кәрізден аққан судың иісіне тұншығып отыр. Мұндағы санитарлық жағдайды айтып, тұрғындар талай жерге шағымданған. Бірақ,  құлақ асатын ешкім болмай тұр. Жергілікті әкім болса, «бұл жеке меншік үйлердің өз шаруасы» деп, әңгімені қысқа қайырады. Ақыры шыдамдары тауысылған жұрт  талап-тілектерін айтып, әкімдік алдына жиналды.

Меновное кентіндегі 100-ден астам тұрғыны бар үш үйдің алды қысы-жазы езіліп, шіріп жатады. Мұндағы жұрт есік алдына шығып, таза ауамен дем алу дегенді мүлдем ұмытқан. Өйткені аула ішіне жайылған жай су емес -  пәтерлердің дәретханаларынан шыққан нәжіс су.

Мария Резинкина, Меновное кентінің тұрғыны:

-Үнемі құрттап,шыбын басып жатады. Сасыған балық сияқты ешкімге керексізболдық.

Бұл жерде бұрын балалар алаңы болды деуқиын. Тұрғындар оны ұмытқалы қашан. Есесіне олар жаз бойы ойнаған балалардың емес, сазға жиналған бақалардың дауысын естіп  шығады.

Пәтерлердің кәрізінен шыққан су алдымен құдыққа, одан соң іргеде тұрған шұңқырға жиналады. Сол жерден оны арнайы көлікпен сорып алып, тазарту керек. Алайда осы қызметті атқарып жүрген жеке меншік фирма өткен жылы «дұрыс ақша төлемейсіңдер» деген сылтаументазалаудан бас тартқан. Содан бері қараусыз қалған шұңқырдың ернеуінен асқан кәріз суы есік алдына жиналып жатыр.

Виктория Лукашевич, Меновное кентінің тұрғыны:

-Әкім не мына үйлердің құлағанын, не осы тұрғындарды індет жайлап, қасірет болғанын күтіп отырған болар, ешкім қимылдамайды.

Әбден қажыған жұрт бүгін жергілікті әкімдіктің алдына жиналды. Алайда шенеуніктің берген жауабы қысқа:

Ерсейіт Нұралдинов, Меновное ауылдық округының әкімі:

- Өздері тазаламаса,ешкім тазаламайды. Олар жекемншік үйде тұрады,үйлері жекешелендірілген. Сондықтан олар қоқыстарын өздері шығару керек. 2012жылы орталық канализацияға қосылып, үкімет тарапынан шығарылады.

Бұл үйлердегі тұрғындардың 70 пайызы зейнеткерлер. Олардың «ақылы қызметті қалтамыз көтермейді»деп шулағанына құлақ асқан ешкім жоқ. Дәл осы үйлердің жағдайы туралы қаланың санитарлық қызметі де хабардар. Алайда шыбын-шіркей басып жатқан ауладан олар санитарлық талаптарға қайшы ештеңе байқамапты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть