Өскемен қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «онлайн дәріс» өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскемен қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «онлайн дәріс» өтті

Өскемен қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «онлайн дәріс» өтті

28 қаңтар күні Өскемен қаласындағы А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында «Қазақстанның тарихи ғұмырнамасы» атты көпшілікке арналған онлайн дәріс өтті, деп хабарлады 1720kz. 

  • 29 Қаңтар 2015
  • 440
Фото - Caravan.kz


«Онлайн дәріс» кітаптар көрмесінен бастау алған. Ұзақ жылдар бойы зерттеліп, зерделеніп, кейін кітапхана бұрышынан орын тапқан кітаптар кезеңдермен қойылды. Осы орайда, тарих ғылымдарының докторы, профессор Советхан Игібаев әрбір кітапқа сипаттама бере отырып, Қазақ хандығының және қазақ халқының тереңде жатқан тарихына қысқаша шолу жасап өтті. 

-Қазақ хандығының тарихын білу, оның қалыптасу дәуірін түсініп, білу жастарға қойылар талап емес, міндет деп түсіну қажет. Сондықтан, бүгінгі өтіп отырған конференциялар өскелең ұрпаққа мол өнеге береді деген сенімдемін. Жалпы, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтер алдында тек бір ғана даталарға тоқталып өтуге болмас. Керісінше, 5 ғасырдан астам уақытта ел даумында әртүрлі өзгерістер орын алды және әрбір кезеңнін өзіндік ерекшеліктері бар, — деді Советхан Игібаев. 

Ерекше форматта өткен лекцияда қоғамдық ұйым мүшелеріне және қалалық жоғарғы оқу орындары мен колледж студенттеріне «Қазақстанның тарихи даму диаграммасы» атты көрнекі панорамалық еңбектің авторы, тарихшы Әділбек Бегедаев Алматы қаласынан тікелей желі арқылы дәріс оқыды. 

-Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы айтулы датаны: «Қазақ хандығының 550 жылдығын» атап өтпек. Осы уақыт аралығында қазақ хандығы бірқатар қиындықтарды бастан өткеріп, әрдайым жаңа белестерді бағындырып отырды. Дегенмен, қазақ хандығының құрылу мерзімін атап өткенімен және қазақ халқының өзінің құрылу тарихын естен шығармағанымыз жөн. Себебі оның халық тарихы әлдеқайда тереңде жатыр, — деді дәріс оқушы, тарихшы Әділбек Бегедаев.