Өскеменде аймақтық үшінші инвестициялық форум басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде аймақтық үшінші инвестициялық форум басталды

Өскеменде аймақтық үшінші инвестициялық форум басталды

Өскемен. 15 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Өскеменде " Ықпалдастық процестердің нығаюы барысында интеграциялық инновацияның дамуы" атты аймақтық үшінші инвестициялық форум басталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Шығыс Қазақстан облысы (ШҚО) әкімшілігіне сілтеме жасап.

  • 15 Қараша 2007
  • 445
Фото - Caravan.kz

«Форумның жұмысына Шығыс Қазақстанның басшылары, Еуразиялық даму банкінің өкілдері, Ғылым қоры, Мәскеулік Ресей тауар өндірушілері, Алтай аймағының делегациясы, Новосибирск және Омбы облыстарының және Казақстан мен Ресей Федерациясының кәсіпкерлері қатысты» деген ақпарат облыс әкімшілігінен таратылды.

ШҚО әкімі Жәнібек Кәрібжановтың сөзіне қарағанда, «ресейліктерді атом энергетикасы, шикізат, көлік -тасымал құрылымы, агроөнеркәсіптік және туристік бизнес, ғылым мен инновация сияқты салалар қызықтырады».

Инновациялық форумның пленарлық отырысында ШҚО әкімдігі мен Ресей тауар өндірушілер одағы қарым -қатынас туралы келісімге қол қойды.

Сонымен қатар, «бүгін ғылым және инновация саласында аймақтық ғылыми-техникалық «Алтай паркі» мен Г. Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясы арасында қарым қатынасты дамыту жөнінде меморандумға қол қойды «, — деп хабарлады облыстық әкімдік.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті