Мысалы, ол №32 автобуста жас әйелдің сөмкесінен құжаттар және 5 мың теңге салынған әмиянды қолды еткен. Автобус күтіп тұрған Глубоковский ауданы тұрғынының сөмкесінен 45 мың тұратын ұялы телефонды ұрлап алған.
Полиция иелеріне ұрланған заттарын қайтарып, ұрыны уақытша ұстау изоляторына қамады. Ер адам — 35 жаста, бұрын сотталған, Өскемен тұрғыны.
Тергеу жүргізіліп, оның басқа қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталуда.