Өскеменде болашақ теннис жұлдыздарын бақшадан іздеуде - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде болашақ теннис жұлдыздарын  бақшадан іздеуде

Өскеменде болашақ теннис жұлдыздарын бақшадан іздеуде

Өскемендіктер болашақ теннис жұлдыздарын балабақшадан іздей бастады. Мұнда тіпті 10 жасқа дейінгілер үшін арнайы бағдарлама енгізілген. Ал бүлдіршіндердің ойындарын жаттықтырушылар бақылауға алған.

  • 28 Ақпан 2015
  • 259
Фото - Caravan.kz

Бүгінде Өскемендегі 5 бірдей балабақшада осындай пәндер өткізілуде. Жарты сағаттан аптасына үш рет болатын теннис кішкентайлардың сүйікті жаттығуына айналған. Онда бұл ойынға қажеттінің бәрі – кермелі тор, қалқан таяқ және теннис добы бар. Әзірге мамандар арнайы жаттығулар арқылы олардың икемділігін, көру қабілетін және ойынға деген ынтасын байқап көруде. Араларындағы ең талапты әрі болашағынан үлкен үміт күтуге болатындарын тегін үйірмелерге жаздырмақ.

Жанат Қағазбеков, №3 балабақшаның дене шынықтыру пәні мұғалімі
:

-Теннис орталығы мен біздің балабақша 2012 жылдан бері міне биыл үшінші жыл жұмыс істеп келе жатырмыз. Теннис жалпы 3-4 группамен жұмыс істейді. Бір группа 30 минуттай.