Жарияланды: 290

Өскеменде дауыл тұрып адамдар ағаш астында қала жаздады

Әке мен баланы ажал құштыра жаздаған ағаш! Өскеменде дүлей дауыл салдарынан биік терек тамырымен опырылып, кішкентай баласы бар азаматты басып қала жаздады.

Ұлын иығына отырғызып алған ер адам жаяу жүргіншілер жолымен келе жатыпты. Кенеттен көтерілген дүлей дауыл көше бойындағы теректі құлатқан. Қайта сынған ағаштың дыбысын естіген әке жылдам әрекет етіп, қашып үлгерді. Жолмен келе жатқан көлік жүргізушісі де дер кезінде тежегішті басқан. Терек оларға бірнеше сантиметр жетпей түсті. Барлығы дін-аман. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін