Көрмеге негізінен Шығыс өңірінің атақты Берел, Шілікті қорымдарынан табылған заттар қойылған. Мәселен бұл, Берел қорымынан алынған 7-8 ғасырлардағы жауынгердің ер-тұрманының керек-жарақтары. Ат әбзелдерінің сан түрі қола мен сүйектен жасалғаны көшпенділердің сол тұстағы тұрмысы жылқы малымен байланысып жатқанын көрсетеді. Археологиялық бірегей бұйымдар қалпына келтірілмей, көрмеге сол күйі қойылған.