Өскеменде есірткі сатушы ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде есірткі сатушы ұсталды

Өскеменде есірткі сатушы ұсталды

Өскеменде есірткі сатушыдан 10 келіден астам кептірілген марихуана мен шамамен 1,9 келі гашиш тәркіленді.

  • 6 Қаңтар 2023
  • 10
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Өскемен қаласының полиция қызметкерлері бау-бақша қоғамдарының бірінде салмағы 105 грамнан асатын марихуананы өткізу фактісін анықтады, деп жазды polisia.kz.

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, 31 жастағы жергілікті тұрғын есірткіні 27 жастағы ер адамға 38 мың теңгеге сатқан.

"Көп ұзамай, жедел-іздестіру шарасы кезінде күдікті отырған ВАЗ автокөлігі  тоқтатылды. Көліктен скотч-лентамен оралған сөмке табылды. Сонымен қатар автокөлікті тінту кезінде иісі бар қоңыр-жасыл түсті ұнтақ заты бар үш орама табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, орамада 10 келіден астам кептірілген марихуана мен шамамен 1,9 келі гашиш болғаны анықталды".ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар