Өскеменде із-түсіз кеткен әйел 15 жылдан кейін табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде із-түсіз кеткен әйел 15 жылдан кейін табылды

Өскеменде із-түсіз кеткен әйел 15 жылдан кейін табылды

Өскеменде із-түсіз кеткен әйел 15 жылдан кейін табылды! Ләззат Бисеқанованы туыстары 1998-ші жылы жоғалтып алған екен. Мүлде хабарсыз кеткен келіншекті кейін ағайындары тірілердің санатынан сызып тастаған. Жоғалған жан жақында ғана ауылдастарының арқасында табылды. 

  • 30 Қазан 2013
  • 281
Фото - Caravan.kz

Ләззат Бисеқанова тоқсаныншы жылдардың соңында күнкөріс қамымен Алматыға аттаныпты. Кейін мүлдем хабарсыз кеткен. Алматыға келгенде оны көлік қағып, есінен айырылып қалған көрінеді. Аяқ астынан болған апаттың кесірінен өзінің кім және қайдан келгенін ұмытқан әйел күні бүгінге дейін қаңғыбастың күйін кешіпті. Жуырда оны ауылдастарының бірі кездейсоқ көріп қалып, жақындарына хабар берген. Ләззат Бисеқанова үйінен кеткенде артында күйеуі мен екі баласы қалған екен. Кенжесі небәрі төрт жаста ғана болыпты. Денсаулығы әбден нашарлаған әйелді енді туған-туыстары толық тексертуден өткізбек.


Шәйзат Бисеқанова, Л. Бисеқанованың туысы:

Құмалақшы, бақсы-балгерлердің бәріне бардық осы уақытта. Ешқандай хабар болмады. Күттік. Басқа кісілер де біз сияқты жоғалтқан туысын тосса қайыр болады екен.